jasqazaq.kz

Қостанайда әмбебап полицей жұмыс істейді

07 наурыз 2020, 12:25

Құқық қорғау саласында ер азаматтармен қатар қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында тер төгіп жүрген нәзік жандар да баршылық. Солардың бірі – Қостанай облыстық полиция департаментінің Ақпараттандыру және байланыс басқармасының инспекторы Әсел Мұратбек. Ол «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне қызметінің қызығы мен қиындығы туралы айтып берді.

Әсел Жүсіпқызы 1997 жылы Науырзым ауданында туған. 2015 жылы М.Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясына оқуға түседі. Мұнда ақпараттық жүйелер мамандығын игеріп шықты.

«Болашақ мамандығымды бала кезімде анықтадым десе де болады. Бастауыш сыныпта «Кім болғым келеді?» деген тақырыпта бәріміз шығарма жаздық қой. Сол кезден-ақ полиция мамандығы қызықтыратын. Отбасымызбен тәртіп сақшылары туралы шытырман оқиғалы көркем фильмдерді көп көрдік. Міне, осылайша арман жетегіне еріп кеттім», — дейді жас полицей.

Әсел Мұратбектің құқық қорғау саласына келуінің басты себебі – спорт. 2008 жылғы Қытайдың Бейжің қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарында ел спортшыларына жанкүйер болды.

«Сол додада Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері Елена Шалыгина «қола» жүлдегер атанды. Осы сәттен бастап, мен күреспен айналысуға бел будым. 2008 жылы күрес залының есігін аштым. Бапкердің жаттықтыруының арқасында спортта жоғары жетістікке жете бастадым. Бала күнгі арманым мен спорттағы көрсеткішім мамандығыма жетеледі. Алматыдағы ҚР ІІМ академиясына түскенде қыздар взводының командирі етіп тағайындады. Кейін кіші сержант атағын алдым», — деп жалғады Әсел Жүсіпқызы.

Спортшы қыз оқу орнының атынан республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып жүрді. 2013 жылы еркін күрестен спорт шеберлігін орындады. Әмбебап Әсел парашюттен секіру және «Қыз қуу» спортынан жоғарғы жетістіктерге жетті. Сонымен қатар ол көркем сөз оқу мен би сайыстарының бірнеше мәрте жүлдегері.

«2019 жылы Қостанай облысы полиция департаментінің Ақпараттандыру және байланыс басқармасына жұмысқа тұрдым. Бір-екі жылдағы еңбегім еленіп, ҚР Ішкі Істер министрінің қолынан марапат алдым. Дегенмен полицейге ең жақсы жоғары бағаны халық береді», — деп түйді Әсел Мұратбек.

Ұрпағын кез келген қатерден қорғай білген аналарымыздың сарқылмас сарқытындай болып, еліміздің болашағы үшін еңбек етіп келе жатқан әмбебап полицейдің алар асулары әлі алда. Бұған бек сендік!

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде