jasqazaq.kz

Қостанайда адамның кесілген қолы табылды

18 қантар 2018, 14:42

Қостанайдағы жылу-энергетикалық орталығы коллекторының маңынан адамның дене мүшелері табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі растады.

4 қаңтар күні Базовая көшесіндегі ЖЭО коллекторының маңынан адамның кесілген қолы табылған. «Полицейлер аталған дене мүшесі із-түзсіз жоғалып, кейіннен мәйттері бөлшектенген күйі табылған қостанайлық Александр Самсонов пен Данил Кленкоға тиесілі болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды», — деп хабарлады ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь агенттік тілшісіне. Еске салайық, 2017 жылдың 14 қаңтары күні полицейлер бұл қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы тұрғынды ұстаған болатын. Күдікті Александр Самсонов пен Данила Кленконы өлтіріп, денелерін бөлшектеп тастағанын мойындады. Оның үстіне, сот отырысы барысында айыпталушы Поляничко үшінші адамды да өлтіргенін айтты. Ол жауап алу кезінде өзі өлтірген адамдардың басынан мүйіз көргенін айтқан. Сараптама қорытындысы бойынша, Поляничко ақыл-есінің кемістігіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

 

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды