
Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметіндегілер өрт туралы хабарлама 08.38-де түскенін хабарлады.
Қоңырау шалған адам Абай даңғылындағы №62 үйдегі балкон жанып жатқанын айтқан. Өрт аумағы — шамамен 10 шаршы метр. Тұрғын үйдің кіреберісі қатты түтін болды. «30-дан аса тұрғын эвакуацияланды. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Өрт сөндіруге 8 техника мен автосаты және жеке құрамнан 31 адам жұмылдырылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің бір құрамы жұмыс істеді», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Өрт 08.59-да оқшауланып, 09.13-те сөнді.