jasqazaq.kz

Қостанайда 7 ауылдың атауы өзгерді

08 қазан 2018, 11:57

Биыл Қостанайда 70-тен астам көшенің атауы өзгерген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қазымбек Ахметовтің айтуынша, биыл облыста 4 ауылдың атауы өзгерді. Жақында ғана Қостанай қаласындағы бұрынғы Авиационная көшесіне Кәмшат Дөненбаеваның есімі берілсе, Казахская көшесі Әбілсай болып өзгерді. Арқалық қаласындағы №4 мектепке Кейкі батыр есімі, Меңдіқара ауданындағы Боровской кәсіптік-техникалық колледжіне Кәмшат Дөненбаеваның есімін беру туралы ұсыныстарды республикалық ономастика комиссиясы мақұлдады. «2018 жылы өңірімізде 9 әлеуметтік нысан, 3 ауылдық округ, 4 ауыл, 73 көшенің атауы өзгертілді. Бұл көрсеткіштерге тұрғындар арасында өткізілген түсіндіру-ақпараттық жұмыстар арқылы қол жетті. Федоров, Қарабалық, Таран, Жітіқара аудандарында көше аттарын өзгерту кезінде көптеген түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Наурыз айында Затобол кентінің мәртебесі мен атауын аудандық маңыздағы Тобыл қаласына өзгерту туралы ұсынысты көпшілік қолдады. Ал жақында зиялы қауым өкілдері мен Таран ауданы жұртшылығының Елбасына, облыс және аудан басшылығына жолдаған жазбаша ұсыныстарына сәйкес, Таран ауданына Бейімбет Майлин есімін беру туралы бірлескен отырысы өтті», — дейді Қазымбек Ахметов. Брифингте белгілі болғандай, алдағы уақыт жер-су атауларын қайта қалпына келтіруде ҚР Үкіметі жанындағы республиалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 12 наурызындағы отырысында бекітілген Қазақстан тарихындағы жалпыұлттық деңгейде танымал 150 тұлғаның есімі бар «Тарихи тұлғалар», «Тарихи опонимдер және «Дәстүрлі атаулар» тізімдері қатаң басшылыққа алынбақ. Жиында Таран аудандық мәслихаты тұрақты комиссиясының төрайымы, аудандық қоғамдық кеңестің төрайымы Наталья Руднева, «Нұр Отан» партиясы Таран аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Айнаш Даданова, Таран ауылы жергілікті қауымдастығы мүшесі Гаухар Асановалар тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді