
Оқиға 17 мамыр күні сағат 22.30 шамасында Қостанай қаласында болды. Көп қабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан 5 жастағы бала құлап кетті.
Ол жедел түрде ауруханаға жеткізілді. «Оның іші мен астыңғы ерні жарақаттанған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы орташа ауыр», деп хабарлады Төтенше жағдай департаментінен.