jasqazaq.kz

Қостанайда 49 жастағы әйел полицейді балтамен ұрды

25 ақпан 2020, 17:19

Қостанай қаласында тәртіп сақшысын балтамен ұрған әйел қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға қаладағы Водяная көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған. «Оңтүстік» полиция бөлімшесіне үй ішіндегі жанжал туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына учаскелік полицей Алмат Рамазанов келді. «49 жастағы анасы мен 27 жастағы ұлы жанжалдасқан. Бұған дейін анасы баласының іс-әрекеттері үшін бірнеше рет тәртіп сақшыларын шақыртқан. Бұл жолы оқиға басқаша өрбіді. Алдымен, анасы учаскелік полицейге жанжал шығарған ұлын алып кетуін өтінген. Сәлден соң әйел тәртіп сақшысына балта лақтырған. Инспектор дене жарақатын алды», — делінген полицияның ақпаратында. Қазір әйел қамауға алынды. Тергеу шаралары жүргізілуде. Жарақат алған полицейге жедел жәрдем көмегі көрсетілді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия