jasqazaq.kz

Қостанайда 15 бойжеткен массаж салонында жезөкшелікпен айналысқан

08 қантар 2019, 18:52

Қостанайлық тәртіп сақшылары облыс орталығы мен Рудный қаласында жезөкшелікке тарту деректерін анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасапхабарлады.

Қостанай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығы мен Рудный қаласында заңсыз іс-әрекет жүргізіп отырған тай массажы салондарының қызметін тоқтатты. «Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Қостанай қаласының 30 жастағы және 35 жастағы тұрғындары ұсталды. Тәртіп сақшылары аталған салондарда тай массажымен қатар, ақшалай сыйақы үшін жыныстық сипаттағы қызметтер көрсетілгенін анықтады. Сонымен қатар, интим қызмет көрсетіп келген 15 қыз тексеруге алынды», — деп хабарлады полиция департаментінен. Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК 309-бабының 2-бөлігімен («Жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық») сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде