jasqazaq.kz

Қостанайда 12 бойжеткен құлдықта болған

10 сәуiр 2018, 16:37

Қостанайлық тәртіп сақшылары қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп жүрген ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Жақында қыздарды жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеп келген 24-31 жас аралығындағы күдікті топ ұсталды. Олардың арасында бір қыз бар. Полицейлердің айтуынша, күдіктілер материалдық жағдайы әлсіз қыздарды өздерінің таныстары арқылы тауып отырған. «Ұйымдасқан топ жәбірленушілерді пәтерге шақырып, олармен бірге ішімдік ішеді. Мұнан соң қыздарды қорқытып, жыныстық қатынаспен айналысуға мәжбүрлейді. Барлығы 12 қыз қылмыстық топ «құрығына» ілінген. Олардың үшеуі балалар үйінен шыққан. Жеңгетайлық жасағандар қыздардың жеке құжаттарын тартып алған», — деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер. Бұған қоса, жеңгетайлардың тепкісіне түскен бойжеткендер жақындарымен телефон арқылы сөйлесіп жүрген. Алайда өздерінің жағдайлары туралы тіс жармаған. Ведомствоның мәліметінше, қазір ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдері ұсталды. ҚР ҚК бірнеше бабымен сотқа дейінгі тексеру амалдары басталды.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді