jasqazaq.kz

Қостанай тұрғыны сатып алған кәмпиттің ішінен құрт шықты

12 қараша 2017, 10:57

Қостанай қаласының тұрғыны Марина Серова кондитерлік өнім ішінен құрт тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала тұрғыны бұл «тосын сыйды» әлеуметтік желі арқылы бөлісті. Ішінен құрт шыққан тәттілердің суреттері желі тұтынушыларын қобалжытты. «Осыған дейін кәмпиттердің арасынан түрлі нәрселерді тауып жатқандарға сенбейтінмін. Өздері салып, әдейі өндіруші тарапқа кері жарнама жасайтын шығар деп ойлап жүрдім. Ал енді бұл жағдай өз басымнан өтіп жатыр. Бұл аздай, менің балаларым осы «Коровка» кәмпитін үгітпей, тұтастай жеп қойды», — деп жазды Марина Серова. Әлеуметтік желі оқырмандары кәмпиттерді дүкенге қайтарып беру керектігін айтады.

 

Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті