jasqazaq.kz

Қостанай тұрғыны бір айда елордалықтардың 8 көлігін ұрлаған

04 қараша 2019, 10:29

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері сегіз автокөлікті ұрлады деген күдікпен Қостанай облысының тұрғынын ұстады.

Қостанай облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны жалпы құны 285 мың теңге тұратын жеке мүліктің ұрланғаны туралы арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, күдікті ақша, ұялы телефон, құжаттар мен киім-кешектерді ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдікті елордадан ұсталды. Ол Қостанай облысының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. «Тергеу шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері жеке мүлік ұрлығынан басқа, күдікті 2019 жылдың тек қазан айында сегіз автокөлікті айдап кеткенін анықтады. Олардың арасында ВАЗ, Volkswagen Golf, ГАЗ, Mazda маркалы көліктер бар. Ұрланған машиналар иелеріне қайтарылды», — делінген ведомствоның ақпаратында. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда