
Қостанай облысының Жітіқара ауданында пәтерден 44 жастағы ер адам мен 4 жасар баланың денесі табылды.
Ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Ксения Жылқыбаева растады. Оқиға 16 қыркүйек күні Жітіқара ауданында болған. Сағат 21:25-те жедел жәрдем қызметіне хабар келіп түскен. «Үй ішінен 1974 жылы туған ер адам мен 4 жасар баланың денесі табылды. Баланың денесі сіресіп қалған. Белгілі болғандай, баланың әкесі көрші бөлмеде өзіне пышақ сұққан. Ол Жітіқара ауруханасына бүгін түнде жеткізіліп, сол жерде дене жарақаттары салдарынан қайтыс болды», — деді К.Жылқыбаева. Басқарма мәліметінше, әкесі баласын тұншықтырып өлтірген. Себебі оның мойын тұсы көгерген. Ал облыстық ІІД аталған жайтқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.