jasqazaq.kz

Қостанай облысында заңсыз діни ұйым анықталды

20 сәуiр 2019, 10:23

Қостанай облысының полиция департаменті Рудный қаласында «Фархат-ата» әдісі бойынша емдеумен айналысатын тыйым салынған «Алля аят» бірлестігінің қызметін анықтады,

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Рудный қаласының екі тұрғыны аталған ағымды ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды. «Рудный қаласының соты заңсыз діни ұйымның тағы бір өкілін (адепт) ҚР аумағында таратуға және әкелуге тыйым салынған экстремистік әдебиеттерді заңсыз сақтағаны үшін 70 АЕК (170 мың теңгеден астам) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты», — делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында. Полция департаментінде атап өтілгендей, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының сотымен «Алла-Аят» деп аталатын Ф. М. Абдуллаевтың (Фархат-ата) қызметі Қазақстан халқының денсаулығына және мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді деп танылды. Бұл ұйымның қызметіне республика аумағында тыйым салынады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда