jasqazaq.kz

Қостанай облысында тасжолды су басып, үш адам көз жұмды (видео)

16 сәуiр 2021, 10:36

Қостанай облысында сел жүріп, үш тракторшы қаза болды. Су басқан аймақтан өтпек болған кезде олардың тракторы аударылып кеткен, — деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында селге байланысты жағдай қиын. Бұл аймақта ондаған үй су астында қалған. Адамдар әлеуметтік желіде жантүршігерлік видеолар тарата бастаған.

Мысалы Солтүстік Қазақстандағы Имантау қаласында үлкен су ағыны адамдардың жолын жауып тастаған. Еріген су бірнеше минут ішінде бүкіл ауылды басып қалған.

«Тұрғындар үй жануарларын сыртқа шығарып жіберуіне тура келді. Көшеттер мен егінге қауіп төніп тұр», — дейді журналистер.

Ал Қостанай облысы Урицкий ауданында су тасжолға шығып кеткен. Салдарынан көлік қозғалысы тоқтаған. Таяуда Қарамырза ауылындағы ондаған үйді су басқан. Қаза тапқандар да бар.

«Мысалы Қостанай облысында ТК-744 тракторы аударылып кетті, оның ішінде төрт адам отырған. Оның бірі шыға алған, ал үшеуін құтқарушылар алып шықты. Өкінішке қарай, олар қайтыс болды», — деді ТЖ министрі Юрий Ильин.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді