jasqazaq.kz

Қостанай облысында салмағы 6 келіден асатын алып бала өмірге келді

06 қазан 2020, 14:52

Қостанай облысында салмағы 6,1 келі, бойы 57 сантиметр болатын нәресте дүниеге келді.

Нәресте Рудныйдағы қалалық көп салалы ауруханада 1 қазанда дүниеге келді. Нәрестеге Елжан деген есім берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алауға сілтеме жасап.

Рудный қалалық көп салалы ауруханасының акушерлік-гинекологиялық бөлімінің меңгерушісі Людмила Тулебаева айтқандай, өзінің көп жылдық тәжірибесінде мұндай көп салмақтағы баланы бірінші рет көрген.

«Салмағы 5800 грамм, 5900 грамм болған балалар өмірге келді, бірақ одан көп салмақтағы баланы көрген жоқпын. Бұл отбасындағы төртінші бала. Алғашында баланың алып екені анықталды. Сондықтан кесарево отасы жасалды», — дейді Людмила Тулебаева.

Ананың айтуы бойынша, босану асқынусыз жүрді, бірақ қиын болған.

«Мен баламның үлкен болатынын білдім, бірақ соншалықты алып болады деп ойламадым. Алғашында маған ұлымның салмағын айтқан кезде сенбедім. Бірінші балалардың салмағы бес келіге жетпеген еді. Бірінші бала — 3800 грамм, екіншісі — 3890 және үшіншісі 4670 грамм салмақпен туды», — деді 35 жастағы Динара Ержанова.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде