jasqazaq.kz

Қостанай облысында өрттен үш бала қаза тапты

31 наурыз 2022, 17:38

Амангелді ауылында 2 пәтерлі тұрғын үйден өрт шықты. Нәтижесінде үш бала қайтыс болды. Өрт кезінде ата-анасы жұмыста болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

31 наурыз күні сағат 10:58-де Амангелді ауылында 2 пәтерлі тұрғын үйден өрт шықты.

Қостанай облысы ТЖД:

Үйде алты адамды құрайтын көп балалы отбасы тұрған. Ата-анасы 1983 және 1994 жылы туғандар, одан бөлек төрт кішкентай баласы болған. Үлкен ұлы 8 жаста. Өрт сөндірушілер келгенге дейін көршілері төрт баланы да көшеге шығарып үлгерген, себебі олар үйде жалғыз болған.

Шенеуніктердің айтуынша, өрт кезінде ата-анасы жұмыста болған.

Қостанай облысы ТЖД:

Сағат 10:55-те Амангелді орталық аудандық ауруханасының қызметкерлері 2016, 2019 және 2020 жылы туған үш баланың қайтыс болғанын хабарлады.

Құтқарушылар өртті 11:32-де анықтады, 11:44-те өрт ауыздықталды.

Төтенше жағдайды жоюға төрт қызметкер мен бір техника қатысты.

Өрттің себебін анықтау үшін Амангелді ауданына Төтенше жағдайлар департаментінің ғылыми-зерттеу және сынақ өрт зертханасының мамандары жіберілді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде