
Қостанай облысы Қарабалық ауданында «ВАЗ-2110» маркалы көліктен салмағы 200 грамм героин табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Гурьянов ауылындағы көлікті тоқтату кезінде ішіндегі 54 жастағы жолаушы ақ түсті ұнтақ тәріздес заты бар екі полиэтиленді пакетті сыртқа лақтырып жіберген. Сот-химиялық сараптама нәтижесі оның героин екенін анықтады. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Есірткіге қатысты қылмыс жасағаны үшін күдікті уақытша қамауға алынды», — делінген хабарламада.