jasqazaq.kz

Қостанай облысында елік атып жүрген бір топ браконьер ұсталды

12 қараша 2020, 10:33

Қостанай облысында ұсталған браконьерлерден екі ұңғылы мылтық тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз аң аулады деген күдікпен бірнеше адам ұсталды.

2020 жылдың 7 қарашасында Ұзынкөл аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы мен Пресногорьков ауылдық округінің қорықшысы Коняево көлінің маңында «Toyota Hilux» маркалы автокөлікті ұстады. Көлікте Қостанай облысының төрт тұрғыны болған.

Жол талғамайтын көліктің жанында заңсыз атылған елік жатқан. Тексеру барысында полиция қызметкерлері «Toyota Hilux» автокөлігін, еліктің денесін, 16 калибрлі тіркелмеген екі ұңғылы мылтықты тәркіледі.

Аталған дерек Қазақстан Қылмыстық кодексінің 337-бабы 3-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия