jasqazaq.kz

Қостанай облысында екі жол апатынан төрт адам қаза тапты

10 қараша 2021, 15:25

Жангелді ауданында болған жол-көлік оқиғалары салдарынан Торғай ауылының жергілікті үш тұрғыны, ал Б.Майлин ауданында 23 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«9 қараша күнгі сағат 15:00 шамасында «Арқалық-Торғай» күре жолының 59-шы шақырымында, Тауыш ауылының жанында «AUDI-80» көлігін жүргізіп келе жатқан 52 жастағы ер адам көлігін басқара алмай, кюветке аударылды. Апат салдарынан көліктің жүргізушісі, 50 және 56 жастағы жолаушылар, Торғай ауылының тұрғындары алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды. Арнай сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жарақат алған жеті жасар қыз бала орталыұ аудандыұ ауруханаға жеткізілді», — деп атап өтті ведомстводан.

Сол күнгі сағат 17 шамасында «Қостанай-Қарабұтақ» күре жолының 102-ші шақырымында, Тобыл кентінен 8 шақырым жерде тағы бір жол-көлік оқиғасы орын алған.

«ВАЗ-2112 көлігін жүргізіп келе жатқан 23 жастағы ер адам кюветке аударылды. Жол апаты салдарынан жүргізуші күрделі жарақаттар алып, Лисаков қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды. 17 және 28 жастағы жолаушылар ауруханаға жеткізілді», — деп түсіндірді полицияның баспасөз қызметінен.

Аталған фактілер бойынша сот алдындағы тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр