jasqazaq.kz

Қостанай облысында блокбекетте тұрған автомобильге жүк көлігі соғылды

12 қантар 2022, 13:44

Қостанай облысында жүк көлігі бақылау-өткізу бекетіндегі екі көлікке, оның ішінде полиция көлігіне соғылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға Қостанай-Мамлютка тасжолының 60-шақырымында болған. Volvo-12 жүк көлігінің жүргізушісі бақылау-өткізу бекетіне жақындап келе жатып, жол жиегінде тұрған Jac S-3 қызметтік көлігін, сондай-ақ бекетте тұрған Lada Granta көлігін соққан. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

«Дерекке қатысты жүк көлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», — деді Қостанай облысының Полиция департаменті өкілі.

Облыстық комендатура апат тежегіш жүйесінің істен шығуына байланысты болғанын айтты.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр