jasqazaq.kz

Қостанай облысында білім бөлімінің басшысы өз-өзіне қол жұмсады

03 маусым 2021, 15:28

Қостанай облысы Меңдіқара ауданының білім бөлімінің бастығы Қалыбек Жүгінісов өзіне қол салды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қайғылы оқиға 2 маусымда Боровская ауылында болды. Қ.Жүгінісов сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілініп, екі апта үй қамақта жатқан. Әйелі Қостанайға кеткен күні ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Меңдіқара аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Жанайдаров Қалыбек Жүгінісовтің Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келгенін айтты. Ол 2015 жылы Қостанай облысына келіп, Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары қызметіне орналасты. Осыдан үш жыл бұрын аудандық білім бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

«Біздің ұжым ол кісіні қатты құрметтейтін. Ол үнемі барлығына көмектесіп, жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарайтын. Қалыбек Жүгінісовтің өлімі бізді есеңгіретіп тастады. Бұл біз үшін орны толмас қайғы. Отбасының қайғысына ортақпыз», — дейді А.Жанайдаров.

Қалыбек Жүгінісовтің артында әйелі мен үш баласы қалды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия