jasqazaq.kz

Қостанай облысында алаяқ тұрғындардың 10 миллион теңгесін алып қойған

14 қараша 2022, 16:16

Қостанай облысында алаяқ тұрғындарды 10 миллион теңгеге алдап кеткен, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қостанайлық өзін Ресейдің тұрғынымын деп таныстырып, адамдардан банк картасының шот нөмірін беруін өтінген. Ол өзіне туыстары ақша салатынын айтқан. Сөйтіп, облыстың 15 тұрғынын алдап, оларға онлайн несие рәсімдеген.

29 жастағы облыс тұрғыны 10 миллион теңгеге жуық шығын келтірген. 15 дерек бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

«Ер адам тұрғындардың сеніміне кіріп, өзін шетел азаматы ретінде таныстырған. Ол қиын жағдайда, ақшасыз қалғанын айтқан. Алаяқ тұрғындардан туыстары оған ақша жіберу үшін банк шоттары туралы мәліметтерді сұраған», — дейді Қостанай қалалық полиция басқармасының тергеушісі Саят Асанов.

Күдікті жәбірленушілердің телефондары арқылы онлайн несиеге өтініш беріп қана қоймай, тауар сатып алған.

Қазір бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта