jasqazaq.kz

Қостанай облысында 70 адам қар құрсауынан шығарылды

08 сәуiр 2020, 11:12

Қостанайлық полицейлер басқа да мүдделі қызметтермен бірлесіп, Қостанай-Рудный автожолында 70-тен астам азаматты қар құрсауынан шығарды.

Полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты Қостанай облысының кей жолдарында қозғалыс шектелген. «102» пультіне Қостанай-Рудный автожолында бір топ адамның қар құрсауында қалғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына автопатруль мен арнайы техника жіберілді. Рудный қаласына әуелі балалар, әйелдер, зейнеткерлер және мүгедектігі бар адамдар жеткізілді. Қалаға келген соң барлығына ыстық шай берілді. Азаматтар полицейлерге көрсеткен көмектері үшін алғыстарын білдірді», — дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Кенже Қонысбай. Жалпы 7 сәуір күні облыста 106 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның 48-і облыс орталығында болды.

ҚазАқпарат

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық