jasqazaq.kz

Қостанай облысында 60 үйді су алып кетті

10 сәуiр 2020, 10:56

Қостанай облысында 60 үйді су басты. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Талғат Кәкімов брифинг барысында мәлім етті.

Департамент басшысының айтуынша, әзірге қар суынан Қарасу ауданының Қарамырза ауылы ғана зардап шекті. Қалған өңірлердегі жағдай бірқалыпты.

«7 сәуір күні таңертең Тінтуір өзенінде сең жүріп, су қалыпты ақты. Сағат 15.30 шамасында ауа райы күрт құбылып, желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетті. Жел бірде оңтүстік-батыстан соқса, енді бірде солтүстік-батысқа ауысты. Соның әсерінен өзенде 25-30 сантиметрге дейін жететін толқын пайда болып, өзен арнасынан шықты. Су Қарамырза елді мекеніне дейін жетті. Сағат 16.30-да 60 тұрғын үйді су басты. 8 сәуірде су деңгейінің қарқынды төмендеуі басталды», — деді Талғат Кәкімов.

Су үйлердің ішіне дейін кірмеген, ТЖД қызметкерлері арнайы құрылғылардың көмегімен дер кезінде суды сорғызу жұмыстарын жүргізген. Облыс әкімдігі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды қолдау үшін су басқан үйдің иелеріне 50 АЕК (138 900 мың теңге) көлемінде және ауласына су кірген тұрғындарға 25 АЕК (69 450 мың теңге) көлемінде өтемақы төлемек. Қазіргі уақытта тұрғындарға азық-түлік қоржыны әзірленіп жатыр.

 

06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)