jasqazaq.kz

Қостанай облысында 58 адам қар құрсауынан шығарылды

17 қантар 2020, 19:09

Қостанай облысында тәулік ішінде қар құрсауында қалып қойған 58 адамға көмек көрсетілді.Бұл туралы  облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«16 қаңтар күні Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару бөлімі қызметкерлерінің күшімен 3 жүк көлігі және 18 жеңіл автомобиль қар құрсауынан шығарылды. Барлығы 58 адамға көмек көрсетілді. Оның ішінде 3 сәби болған», — деді ведомствоның баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.

ТЖД өкілдері облыс тұрғындарын боран күндері барынша сақ болуға шақырады. Сондай-ақ алыс жолға шықпауға кеңес береді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде