jasqazaq.kz

Қостанай облысында 5 педофилге химиялық кастрация жасалуы мүмкін

18 қантар 2018, 16:11

Осы жылы Қостанай облысында 5 жазасын өтеуші педофилге химиялық кастрация жасалуы мүмкін, — деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ерлік Сералинге сілтеме жасап. Сот төрағасының мәліметі бойынша, биыл облыс бойынша 5 педофилдің жаза мерзімі аяқталады.

«Олар бостандыққа шығуға 6 ай қалған уақытта арнайы сот-психиатриялық сараптамадан өтеді. Тексеру нәтижесінен соң олардың педофилияға ұшырағаны дәлелденсе, химиялық кастрация жасалады. Бір жағынан химиялық препараттар адам денсаулығына айтарлықтай әсер етеді. Қылмыскердің денсаулығы кастрацияны көтере алмауы да мүмкін. Ондай жағдайда педофилге кастрация жасалмайды», — деп түсіндірді Сералин. Белгілі болғандай, химиялық кастрация тек соттың үкімімен арнайы сараптаманың қорытындысы бойынша ғана қолданылады. Андрогенді дәрі инъекциялары бас бостандығынан айырылған азаматтарға жазасын өтеу мекемелерінде, ал өзге жаза түрлеріне сотталғандарға денсаулық сақтау мекемелерінде жүзеге асырылатын болады. Айта кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап педофилдерге химиялық кастрация жасауға рұқсат беретін заң нормасы күшіне енді.

 

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды