jasqazaq.kz

Қостанай облысында 26 оқушы коронавирус жұқтырды

11 қараша 2020, 17:50

Қостанай облысында оқушылар арасында COVID-19 жұқтырудың 26 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингіде облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Бәйменова айтты.

«Өңірде санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалады. Күн сайынғы мониторинг нәтижелері бойынша соңғы апта ішінде КВИ жұқтырудың жаңа жағдайларының саны 18-ден 60-қа дейін өсті. Өкінішке қарай, 26 оқушы індет жұқтырып алды. Балалар коронавирустық инфекцияның симптосыз тасымалдаушысы болуы және өз жақындарына жұқтыруы мүмкін екенін ұмытпауымыз керек», — деді басқарма басшысы.

Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 62 қаулысына сәйкес, 2-тоқсанда 300 оқушыға дейін контингенті бар мектептерде, саны 15 адамға дейінгі сыныптарда дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат берілді. Дегенмен Қостанай облысы жаңа оқыту форматына көше алмайды.

«Бұған негізгі себеп балалар мен мектеп мұғалімдерінің денсаулығы болып отыр. Біздің облысымызда сырқаттанушылық бойынша жағдай күннен-күнге күрделене түсуде. Облыстық жедел штабының ағымдағы жылғы 10 қарашадағы отырысында балаларды І тоқсанға ұқсас оқыту туралы шешім қабылданды», — деді З.Бәйменова. Сонымен екінші тоқсанда 336 мектеп қатаң санитариялық шараларды сақтай отырып, штаттық режимде өз жұмысын бастайды.

64 мыңнан аса оқушы немесе білім беру платформаларын (Online Mektep, EduPage) пайдалана отырып, қашықтық форматта оқуды жалғастырады.

«Ағымдағы жылы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау үшін облыс мектептеріне тауарлар сатып алуға 343,6 млн. теңге бөлінген. Қазіргі уақытта санитарлық-гигиеналық құралдардың жеткізілуі жүзеге асырылуда. Мектептер екінші тоқсанда санитайзерлермен, аяқ-киімге арналған заразсыздандырушы кілемшелермен, жанаусыз термометрлермен, ауаны қайта айналдыру құралдармен, кварц шамдарымен, антисептиктермен, деохлормен толықтай қамтамасыз етіледі», — деп түйді ол.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия