jasqazaq.kz

Қостанай облысында 23 вагон рельстен шығып кетті

25 мамыр 2020, 11:59

Қостанай облысында Қазанбасы — Апановка бағытындағы жүк салынған пойыз рельстен шығып кетті. Бұл туралы «ҚТЖ-Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Апат 24 мамырда сағат 14.40-та болған.

«Қостанай облысында Құсмұрын — Тобыл учаскесінде Қазанбасы — Апановка бағытымен шыққан жүк көлігінің машинисі тежегішті шұғыл басқан. Себебі локомотив манометрі вагондар арасындағы ауа қысымының төмендегенін көрсеткен. Салдарынан локомотивтің 23 вагоны рельстен шығып кетті. Теміржолдың байланыс желісіндегі тіреуіштері бүлінген», — деп мәлімдеді ҚТЖ баспасөз қызметіндегілер.

Бұл учаскеде жылдамдықты сағатына 70 шақырымнан асырмау жүру керек. Пойыз да сағатына 68-70 шақырым жылдамдықпен жүрген. Қазір апаттың салдары жойылып жатыр.

«Болған жағдайдың себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамында «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «ҚТЖ-Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылары бар», — деді ведомстводағылар.

Бүгін, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық