jasqazaq.kz

Қостанай облысында 2 адам тірідей жанып кетті

19 тамыз 2019, 12:15

20 және 51 жастағы екі ер адам шөп шабатын жердегі «времянка вагонда» тірідей өртеніп кетті.

Оқиға Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Қоскөл елді мекенінде болған. Алдын ала болжамға сәйкес, қайғылы жағдайға өрт қауіпсіздігін сақтамау немесе төсекте темекі шегу себеп болуы мүмкін. Өрт таңғы сағат бес кезінде болды. Көрші вагондағылар өртті көрген кезде тым кеш болған. Олар жалын тарап кетпеуі үшін вагонды өзге вагондардан алшақ жылжытқан. Өрт аумағы — 15 шаршы метр. Оқиғаның нақты себебін алдағы уақытта өртке қарсы қызмет мамандары анықтайды. Қазір өрт-техникалық сараптама белгіленген. Төсекте темекі шегу өрттің негізгі себебі ретінде қарастырылып отыр. Қостанай облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті соңғы уақытта ауылда өрт жиілегенін айтады. Өйткені қазір шөп дайындау науқаны қызған. Өрттің басты себебінің қатарында темекіні сөндірмей лақтыру, ұшқын сөндіргіші жоқ трактор қолдану бар. Аптап ыстықтан құрғақ шөп лезде жанады.

Дереккөз: Sputnik

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде