jasqazaq.kz

Қостанай облысында 17 адам қызылша жұқтырды

25 қантар 2019, 17:30

Бүгінде Қостанай облысында қызылша ауруының 17 жағдайы тіркелген, оның 12-сі зертхана мамандарымен расталған.

Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Гүлім Досымова айтқандай, қызылша ауруын жұқтырғандар өңірдің 4 ауданында тіркелді. «2018 жылғы 25 қаңтардағы жағдай бойынша, Қостанай облысында 17 адам қызылшамен ауырған. Оның ішінде 12 жағдайды зертхана мамандары толықтай растады. ҚазАқпараттың хабарлауынша, тағы 2 адам эпидемиологиялық жағдайларға байланысты, ал 3 адам жұмыс барысында жұқтырған. Қызылша ауруы Қостанай қаласы мен Қостанай, Денисов және Жітіқара аудандарында тіркелді», — деді Г.Досымова. Белгілі болғандай, екі жасқа дейінгі 10 бала қызылша жұқтырып алған. Тағы бір айта кетерлігі, ауру жұқтырған 11 адам әлі екпе жасатпаған. Ал екі адам екі мәрте егілсе, төрт адам вакцинация туралы мәлімет алмаған. «Эпидемиологиялық тексеру кезінде қызылшамен ауырған 6 адам Астана мен Ақтөбе қалаларында тұрғаны анықталды. Аталған аумақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр, ауру жұқтырғандармен байланыста болған адамдарға бақылау орнатылды. Барлығы 231 адам қаперге алынды», — деді Г. Досымова. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қостанайда жыл басынан бері мектеп жасына дейінгі балалар арасында қызылша ауруының алты оқиғасы анықталды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық