jasqazaq.kz

Қостанай облысы қатаң карантин режиміне қайта оралды

22 маусым 2020, 15:39

23 маусымнан бастап Қостанай облысының бас санитарлық дәрігері Владимир Нечитайлоның бұйрығымен карантин режимі күшейтілді. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Қаулыда облыста соңғы күндері эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлағаны байқалағаны айтылады: КВИ жұқтыру бойынша күн сайын 50-ден 100-ге дейін жағдай тіркеледі. КВИ жұқтырғандардың саны 518 адамға жетті, олардың арасында симптомы барлар мен симптомы жоқтары да бар, деп хабарлайды Өңірлік комункациялар қызметі.

8 мен 14 маусым аралығында КВИ жұқтырудың 56 оқиғасы тіркелді, ауру өсімі — 26,5%, 15-21 маусым аралығында — 251 жағдай, ауру өсім 94% артты. Негізінен ауру жұқтырушылардың басым бөлігі Қостанай қаласына тиесілі — 93 науқас, Рудныйда — 24 жағдай.

Вирус жұқтырушылар санының көбеюіне байланысты зертханалар қосымша жұмыс жүктемелерімен жұмыс істей бастады. Бұл науқастарды емдеумен айналысатын медицина қызметкерлеріне де қатысты. Қызметкерлер жұмыс уақытынан тыс жұмыс істеуге мәжбүр, әрине бұл да олардың денсаулығына кері әсер етуде. Сонымен қатар, медициналық мекемелерде орындар жетіспейді, резервтік төсектерді орналастыру жұмыстары жүргізілуде, — деді Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Владимир Нечитайло.

Бұл жағдайдың себептері, оның айтуынша, карантиндік шектеу шараларын халықтың да, кәсіпкерлік субъектілерінің де жаппай орындамауынан туындауда.

Тыйым салынғанына қарамастан, кафе мен мейрамханаларда банкеттер, үйлену тойлары және мерекелік кештер өткізіледі. Қостанайдағы екі балабақшада қызметкерлер арасында КВИ тіркелді, — деді облыстың бас санитарлық дәрігері.

Бақылау топтарының жұмысы барысында 288 талаптардың бұзылу жағдайы анықталды. 78 жағдайда кінәлілерге айыппұл салынды. 13 нысанның жұмысы өз еркімен тоқтатылды. Басқа тәртіп бұзушылықтар үшін ескертулер берілді.

КВИ-ді жұқтырушылар санының өсуін ескере отырып, 23 маусымнан 30 маусымға дейін карантиндік режимді күшейту туралы шешім қабылданды:

1. Меншік түріне қарамастан балабақшалардың қызметін тоқтата тұру (кезекшілік топтарды қоспағанда);

2. Спорттық кешендердің (үйірмелер, секциялар және басқалары) жұмысына тыйым салынады, ашық алаңдарда 20 адамға дейінгі топтар жаттығуларын қоспағанда.

3. Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына тек «тамақты тұтынушыға үйіне жеткізу» қағидаттары бойынша шектеп, рұқсат етіледі.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия