jasqazaq.kz

Қостанай әуежайындағы баспалдақ жолаушыларды таңқалдырды (Видео)

09 наурыз 2022, 14:42

Қостанай әуежайындағы баспалдақ жолаушыларды таңғалдырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Желіде жақында ғана жөндеуден өткен Қостанай әуежайындағы баспалдақтың суреті мен видеосы пайда болды. Ерекше дизайндағы баспалдақ қабырғаға тірелген, бірақ онда есік жоқ. Жазба авторларының бірі жобада баспалдақты демонтаждау жұмысы қарастырылмағанға ұқсайды деп тұжырымдаған.

Әлеуметтік желі қолданушылары суретке «Аспанға апаратын баспалдақ», «Гарри Поттердегі» 9¾ платформасы», «Болашаққа жол» деп пікір қалдырған.

Әуежай әкімшілігі жөндеу жұмыстары әлі аяқталмағанын түсіндірді. Есік салу туралы шешім операциялық қажеттілікке байланысты қабылданған.

«Жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Бірақ қазір онда есіктер тұр, жұмыс жоспарлы режимде жүріп жатыр», — деп түсіндірді Қостанай халықаралық әуежайының өндірістік-диспетчерлік қызметінің бастығы Александр Андреев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде