Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді 

28 маусым 2022, 11:19

Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. Бұл туралы Үкімет қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов аталған бастаманы ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында әуежай ұжымы көтергенін айтты.

«Биылғы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы аясында республикалық және облыстық жоспарлар бар. Бүгінде көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр. Соның бір маңыздысы — Қостанай қаласындағы халықаралық әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы шешім. Бұл бастаманы көтерген — әуежайдың ұжымы. Одан бөлек осы ұсынысты қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері түрлі жерлерде айтып жүрді. Сондықтан ол ұжымның талқысына салынып, қолдау тауып, тиісті рәсімдерден өткізілді. Енді әділет органдарына құжат ресми тіркелгеннен кейін халықаралық әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілетін болады», — деді басқарма басшысы.

Ерлан Қалмақовтың айтуынша, Қостанай қаласында орналасқан бірнеше мектеп ұжымы оқу ордасына Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру ұсынысын жасаған. Әзірге бұл бастамалар зерделенуде.

Бүгін, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
Бүгін, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады