jasqazaq.kz

Қостанай әкімінің орынбасарына айыппұл салынды

31 шiлде 2020, 15:13

Сот Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Рүстем Қаркеновке маскасын иегіне дейін түсіргені үшін 27 мың теңге айыппұл салды. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Бұл сәуір айында елде төтенше жағдай режимі болған кезде болды. Әкімнің орынбасары тұрғындармен сөйлескен кезде бетпердесін түсірді. Құқық бұзушылық сәті әлеуметтік желілердің қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

Полиция хаттама жасап, іс сотқа жолданды. Шенеунікке 10 АЕК — 27780 теңге айыппұл төлеуге міндеттелген. Төтенше жағдай алынып тасталғаннан кейін прокурорлардың айтуы бойынша Рүстем Қаркенов айыппұлды төлеуден босатуды сұрады. Бірақ прокуратура аппеляциялық шағым түсіріп, әкімнің орынбасары айыппұлды төлеуге мәжбүр.

«Негізінде, мен бетпердені шешкен жоқпын. Сотта мән-жайдың бәрін айттым, басқа ештеңе айта алмаймын. Негізінде, егер мұндай шешім қабылданса … Бірақ менің пікірім — біржақты көзқарас», — деп түсіндірді Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Рүстем Қаркенов.

Көшеде маскаларды міндетті түрде киюді Қазақстанның бас санитарлық дәрігері 29 шілдеде мақұлдады. Карантин режимін және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін айыппұл мөлшері 30 АЕК — 83340 теңгені құрайды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия