
Қосшыдан Нұр-Сұлтанға баратын тасжолда автобус пен 11 көлік соқтығысты. Ақпаратты елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жол апаты болған жердегі видеолар әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда автобус пен бірнеше көлік зақымдалғаны көрінеді.
Полицейлердің мәліметінше, оқиға күндіз сағат 14.30 шамасында болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Қосшы қаласынан Нұр-Cұлтанға дейінгі тасжолда 12 көлік, соның ішінде автобус соқтығысты. Жол апатына кінәлі тұлғалар метеорологиялық жағдайларға сай жылдамдықты сақтамаған.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Үш адам дәрігерлер қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді», — деді департамент өкілі.
Осы оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.
«Тәртіп сақшылары қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге барынша көмектеседі, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», — деді патрульдік полиция полкінің кезекші бөлімінің бастығы Айбек Нартпаев.