jasqazaq.kz

Қосшыда мас ер адам саунада 31 жастағы әйелді соққыға жықты

03 сәуiр 2022, 9:55

Косшыда саунаға демалуға барған ер адам мекеме директорын соққыға жықты. Бұл туралы Ақмола облысы ПД мәлімдеді және әлеуметтік желілерде тараған кадрларға түсінік берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақпарат бойынша, 2 сәуірде шамамен сағат 07.30-да мекеменің басқарушы директоры, Косшының 31 жастағы тұрғыны, клиенттер шотты неге төлемегенін анықтау үшін екі ер адамға барады, содан олардың біреуі әйелді ұрып жібереді, ол құлайды. Кейін төбелесе кетеді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Қосшының 44 жастағы тұрғыны мен 36 және 37 жастағы елордалықты анықтады.

«Қанында алкоголь бар-жоғын куәландыру кезінде 44 жастағы және 36 жастағы ер адам жеңіл және орташа дәрежеде мас екені анықталды. Олар Нұр-Сұлтан қаласының медициналық айықтырғышына қамалды. Саунадағы әйелді жаралаған күдікті 37 жастағы ер адам Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Целиноград аудандық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», — деп хабарлады полиция өкілдеі.

ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде