jasqazaq.kz

Қосшы ауылы жарықсыз қалды

28 қантар 2020, 13:54

Елорда іргесіндегі Қосшы ауылында төрт көшенің тұрғындары бірнеше күннен бері жарықсыз отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған осы маңайға жарық тарататын электр станциясының қар астында қалуы себеп болған. Аудандық әкімдік өкілдері, қазір аталған мәселені шешуге тырысып жатырмыз дейді. Елді мекендегі проблема бұл ғана емес. Кейінгі күндері мұнда боранның салдарынан қоғамдық көлік те қатынамайтын болған. Ал жол-жөнекей қар құрсауында қалған жеңіл автокөліктерді тұрғындар «өзіміз аршып алып жатырмыз, көмекке ешқандай техника келіп жатқан жоқ», деп әлеуметтік желіде жазып жатыр. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, ауылда арнайы техника жетіспей жатқан көрінеді. Себебі, қар тазалаумен қазір 4 техника ғана айналысып жатыр.

Дидар Оралбекұлы, Целиноград аудандық ішкі саясат бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Қазір ең бастысы, орталық көшелерді тазалап келе жатыр. Түстен кейін жаңағы сіз айтылған басты көшелердің барлығына арнайы техника жұмылдырылады. Қосшы ауылының өзінде бүгінде Есмағамбетов, Тайманова, Жансүгіров, Ақжайық, осы 4 көшеде жарық болмаған. Сонымен қатар, Тайтөбеде 9 үйде жарықсыз отырған. Бұл сұрақтар бойынша қалпына келтіру жұмысы бүгін жүргізіледі.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия