jasqazaq.kz

Қошанов депутаттарға бір комитеттен екіншісіне ауысуды тоқтату керектігін айтты

04 мамыр 2022, 10:48

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында төменгі палата депутаты Айдос Сарым Әлеуметтік-мәдени даму комитетінен Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бір комитеттен екіншісіне ауысу туралы өтінішті депутаттың өзі бергені белгілі болды.

«ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы ҚР Заңының 17-бабына сәйкес Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарымнан Әлеуметтік-мәдени даму комитетінен Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысуы туралы өтініші келіп түсті. Осыған байланысты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарымның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінен Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысуы туралы өтінішін ұсынамын», — деді Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан.

Депутаттар аталған ұсынысты бірден қабылдады. Алайда Мәжіліс Төрағасы осыдан кейін мұндай ауыс-түйісті доғару керектігін айтты.

«Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері қолдаймыз деп жатыр. Кеткеніне қуанып жатырсыздар-ау деймін. Бір комитеттен бір комитетке ауысуды тоқтатайық. Айдос Сарымнан кейін ауысуды тоқтайық. Су шығып жатса айтарсыздар», — деді Ерлан Қошанов.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр