jasqazaq.kz

Қошанов: Біз Ресейге тәуелді емеспіз, Ресейден қорықпаймыз

23 қараша 2022, 15:21

Мәжілістің кулуарында Ерлан Қошановқа «Қазақстанда Ресей билігіне қарсы пікір білдірген адамдар жауапқа тартылады. Алайда ресейліктер бізге қатысты ойына не келсе, соны айта береді? Неге олар жауапқа тартылмайды? Біз Ресей тәуелдіміз бе? Одан қорқамыз ба?» деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Біз Ресейге тәуелді емеспіз. Ресейден қорықпаймыз. Біз терезесі тең, егеменді мемлекетпіз. Біріншіден, барлық мәселе заң аясында жүргізіледі. Екіншіден, Қазақстанға қарсы сөз айтқан Ресей азаматы немесе басқа ел азаматтарының пікіріне қатысты Президенттен бастап, депутаттар, Сыртқы істер министрлігі өз жауабын беріп жүр. Оны сіздер естідіңіздер», — деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов

Мәжіліс спикерінің айтуынша, телеарналардан айтылып жүрген, кейбір журналистердің айтып жүргені пікірлері Ресейдің ресми ұстанымы мен ресми мәлімдемесі емес.

«Бұл – жекелеген азаматтарының жауапкершілігі және пікірі. Оларға жауапты Президент те, Сыртқы істер министрлігі де, депутаттар да беріп жүр. Егер ол жерде біздің тарапымызға деген заң бұзу болса, онда біздің Бас прокуратура арқылы Ресейдің бас прокуратурасына талаптар жолданады», — деді Ерлан Қошанов.

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта