
Аппақ қарда желдей жүйткіп сырғанап, қиялыңды шарықтат! Келіңіздер, жарқын болашақ үшін бірлесейік!
Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарына, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай спортшыларына қолдау көрсету үшін қаңтардың аяғы мен ақпанның басында Алматыдағы ҚХР Бас консулдығы SINOJIL ЖШС компаниясымен бірлесіп, «Бейжіңдегі Қысқы Олимпиаданы тау шаңғысы демалыс орнында қарсы ал» атты шара ұйымдастырды.
Аталмыш шара Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғысы демалыс орнында өтуде. Дүниежүзіне танылған «Шымбұлаққа» жыл сайын жүздеген мың шаңғы сүйер қауым ат басын бұрады. Олардың бестен бір бөлігі – шетелдік туристер.
«Бейжіңдегі Қысқы Олимпиаданы тау шаңғысы демалыс орнында қарсы ал» шарасы «Шымбұлаққа» келушілер тарапынан жылы қабылданды. Жиналған қауым Қысқы Олимпиада талисмандарымен жапа-тармағай суретке түсіп, тілек жазу альбомына қазақ, орыс, қытай және ағылшын тілдерінде Олимпадаға қатысып жатқан барлық спортшыларға сәттілік тілеген лебіздерін қалдыруда. Шараға қатысушылар Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындары жоғары деңгейде өтіп, бүкіл әлемге қиындық атаулыны, соның ішінде пандемияны еңсеру жолында сенім ұялатады деген пікірде.
5-6 қаңтарда «Шымбұлақтағы» бұл шара өз жалғасын табады. Жарқын болашаққа ақша қарда бірге зымырайық!