
Президенттіктен үміткер болған Әміржан Қосанов кеше Нұр-Сұлтан мен Алматыда өткен митингтерге байланысты пікір білдірді. Ол өз ойын Facebook желісіндегі парақшасында видео-үндеу арқылы жеткізді.
Қосанов Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында шетелдегі псевдооппозиционерлердің шақыруымен бойкот идеясын қолдаушылардың толқуы болғанын, бұл қоғамда үлкен резонанс туғызғанын айтты.
Оның сөзіне қарағанда, шетелде жайлы жерде кофе ішіп отырып, қазақстандықтардың конституциялық құқығын бұзып, сайлау алдында отқа итермелеу — бұл саяси арандату.
Әміржан Қосанов жастарымыздың соған алданып жатқанын, қазіргі уақытта Қазақстан транзит кезеңінде тұрғанын алға тартты.Ол: «Біз неге билік өзгеруі керек дейміз? Оппозиция да өзгеруі керек. Суперрадикалды, ешқандай мәмілеге келмейтін, керісінше мемлекеттік мүддесі, тәуелсіздігіміздің мүддесі, елдегі әділетті қоғам төңірегінде диалогқа келу керек деп ойлаймын. Еліміз қазір жаңа кезең алдында», — деді.
Ә. Қосанов елімізге ішкі ғана емес, сыртқы қауіп те төніп тұрғанын жеткізіп, жастарды араңдатушылыққа салынбауға шақыратынын айтты: «Шетелдегі псевдооппозиционерлер сайлау кезінде халықты қақ жарып жіберді. Мен сайлауға түскенде басында байкот деді, қаралап-күйеледі. Әсіресе, жастар бұған сенбеуі керек.
Ол елімізге жаңа билікпен қатар жаңа оппозиция керек екендігін де тілге құлаққағыс жасады. Оның сөзінше, жаңа билік пен жаңа оппозиция бір үстелде отыру керек. Сөзінің соңында «Бүгін түн ортасында ашық эфирге шығып, осындай ойымды айтып отырмын», — деді сөзін соңында.