jasqazaq.kz

Қос Корея біріге ме? (видео)

06 наурыз 2018, 22:30

Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын Кореяны біріктірудің жаңа тарихы басталатынын мәлімдеді. Бұл туралы Рейтерс агенттігі Солтүстік кореялық телеграф агенттігіне сілтеме жасап хабарлады. Мұны Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президентінің арнайы өкілдерімен кездесуінде айтқан. Бұл туралы «Астана» телеарнасына сілтеме жасап jasqazaq.kz хабарлайды.

Олар Солтүстік Корея басшысына Оңтүстік Корея президентінің хатын тапсырған. Арнайы өкіл Мун Чжэ Иннің жоғары деңгейдегі кездесу өткізуді ұсынғанын жеткізді. Хатты оқыған соң Корея Халықтық Демократиялық Республикасының көшбасшысы дереу шара қолдануды тапсырған. Мұндай сөз Ким Чен Ынның аузынан алғаш рет шығып отыр. Кездесуде Корея жарты аралындағы шиеленісті жұмсарту және кореяаралық қарым-қатынасты дамыту талқыланған. Бұған дейін Пхеньян зымырандарды сынап, Корея жарты аралындағы жағдайды шиеліністіріп келген еді. Соңғы кезде екі ел арасы «жылып» келеді. Солтүстіктегілер Пхенчхандағы қысқы олимпиадаға қатысу туралы ұсынысты қабыл алған болатын.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты