jasqazaq.kz

Қос есімді дефис арқылы жазуға болады

03 желтоқсан 2019, 16:51

Ол туралы ҚР парламентінің мәжіліс депутаты Майра Айсина мәлімдеді. Жаңа өзгерістер туралы ҚР «Өзгерістерді енгізу және ҚР мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша заңнамалық актілер туралы» заңында толығырақ біле алады. Егер баланың әкесі қос есімді болса, бала тек бір есімді еншілей алады. Немесе қос есім біріктіріліп жазылуы керек.

«Қазақстандықтардың арасында қос есімді тағайындауға қатысты түсініспеушіліктер өте көп. Осыған байланысты баланың құжатында түзетулер жасала береді. Мысалы, баланың әкесі Асан-Әлі болса, екі есімнің бірі ғана қолданылатын, Асанұлы немесе Әлиұлы. Одан бөлек біріктіріп жазуға рұқсат етілетін. Айталық Асанәліұлы. Жаңа заң жобасында бұл мәселе талқыланды. Ендігі уақытта қос есімді дефис арқылы жазуға болады», — деді Майра Айсина ҚР Президенті Орталық коммуникация қызметінің пресс-конференциясында. Атап өтетін жайт, 2019 жылдың 7-қарашасында ҚР Парламенті Сенатының пленарлы отырысында ҚР «Өзгерістерді енгізу және ҚР мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша заңнамалық актілер туралы» заң қабылданған болатын.

ktk.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда