jasqazaq.kz

Қос азаматтық үшін 28 адам жауапқа тартылды

05 мамыр 2021, 11:15

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері қос азаматтық үшін 28 азамат жауапкершілікке тартылды.

Көбінесе жауапқа тартылған адамдар Қазақстан азаматының құжаттарын пайдаланған. Сол арқылы азаматтық туралы заңнаманы бұзған, деп хабарлады Altaynews.kz.

Сонымен қатар, Алтай өлкесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алып, Семей қаласында квазимемлекеттік секторда басшылық қызметте жұмыс істеп жүрген тұлға да бар.

Бұл шетелдіктер Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды, 100-ден 200 АЕК-ке дейін айыппұл салынып, ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабына әкімшілік хаттама толтырылды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейді.

«Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы қос азаматтықты анықтау жұмысын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Жыл басынан бері қос азаматтық үшін 28 азамат, оның ішінде шетелдік азаматтықты алу фактілері туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін 8 азамат, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды пайдаланғаны үшін 20 азамат жауапкершілікке тартылды», — деді ШҚО полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия