jasqazaq.kz

Қос азаматтығы бар Почивалов мемқызметтен кетпей отыр

04 ақпан 2021, 22:11

Қос азаматтығы бар шымкенттік шенеунік әлі мемлекеттік қызметтен кеткен жоқ. Қаланың спорт басқармасын басқаратын Олег Почивалов Ресейдің де азаматы екені анықталды. Біздің елде қос азаматтыққа тыйым салынғандықтан, ол Қазақстан азаматтығынан айрылды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Гүлжан Нысанбаева, Шымкент қаласы ПД азаматтық және көші-қон бөлімінің басшысы:

— Көші-қон басқармасының қортындысымен 1974 жылы туылған азамат Почивалов Олег Владировичке Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңның 21-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру жәйті тіркелді.

46 жастағы шенеунік былтыр маусым айынан бері Шымкенттің дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарып келеді. Оған дейін Олег Почивалов атыс түрлері бойынша Олимпиадаға дайындық орталығына жетекшілік еткен. Қос азаматтығы бар адамның мемлекеттік қызметке қалай орналасқаны да белгісіз.

Полиция тексеріп, сот азаматтықтан айырса да, Олег Почивалов осы елдің азаматымын деуден танбай отыр. Тіпті өзге елдің азаматын жұмысқа қабылдаған Шымкент қаласының әкімдігі де шенеунікте Ресей азаматтығы бар екенін мойындамайды. Қазір уақытша еңбек демалысына кеткен ол енді полиция департаментімен соттаспақшы.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық