jasqazaq.kz

Қос азаматтығы бар италиялық елден қуылды

07 қараша 2022, 15:16


Қостанай облысында Италия азаматшасы елден қуылды. Себебі — қос азаматтық, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, белгіленген мерзімде хабарламағаны және ел азаматтығын жоғалтқан адамдардың Қазақстан азаматының құжаттарын пайдаланғаны үшін үлкен айыппұл мен жауапкершілікті қатаңдатқанына қарамастан, мұндай фактілер әлі де бар.

«Мысалы, 2022 жылдың қазан айында облыс орталығының аумағында көші-қон қызметінің қызметкерлері 2017 жылдан бастап азаматтық саласындағы заңнаманы бұзған Италия азаматын анықтады, — деді Қостанай облысы ПД Көші-қон қызметінің бастығы Қайрат Дүтпаев. — Қазақстан Республикасы азаматының шетел азаматтығын алу фактісі туралы белгіленген мерзімде хабарламауына байланысты осы жылдың 4 қарашасында Қостанай қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған соты Италия азаматын әкімшілік жауапқа тартып, Қазақстаннан шығарып жіберу түріндегі жаза қолданылды».

Ведомствода азаматтар өзге мемлекеттің азаматтығын алған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде ҚР Ішкі істер органдарын немесе шетелдік мекемелерді заңнамалық тұрғыдан хабардар етуі қажет екенін еске салды.

2022 жылдың 10 айында осындай құқық бұзушылық үшін 56 адам әкімшілік жауапқа тартылды, оның 12-сі ҚР аумағына 5 жыл бойы кіру құқығын шектей отырып, елден шығарылды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр