jasqazaq.kz

Қос азаматтығы бар 284 адам анықталды

30 қыркүйек 2020, 18:58

Қазақстанда қос азаматтығы бар 284 адам анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. 

ІІМ Көші-қон қызметі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстанда қос азаматтығы үшін жауаптылыққа тартылған 284 бұрынғы азаматты анықтады.

«Азаматтығынан айырылған адамдар бола тұра, тәртіп бұзушылар Қазақстан Республикасына келу және тұру үшін қазақстандық құжаттарды пайдаланды. Олардың бірқатары шет мемлекеттің азаматтығын қабылдағаны туралы уақтылы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы заң бұзушылықтар үшін 266 адамға ( 277 800 теңгеден 555 мың теңгеге дейін) айыппұл салынып, 18 адам елден шығарылды. Жаза тағайындау туралы шешімді сот органы қабылдайды», делінген хабарламада.

Халықаралық келісімдер қос азаматтықты болдырмау жөніндегі жұмысты жеңілдетеді, өйткені екінші тараптың азаматтығын алу туралы мәліметтерді Қазақстан қысқа мерзімде алады.

«Соңғы 2 жылда ІІМ-нің бастамасымен көші-қон саласында 23 халықаралық келісімге қол қойылды. Олардың 5-уі көші-қон саласындағы ынтымақтастықты реттейді (Әзербайжанмен, Беларусьпен, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, Өзбекстанмен), 15-і адамдардың реадмиссиясы мәселелерін реттейді (Беларусь, Мажарстан, Германия, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Норвегия, Польша, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Чехия, Швейцария және Бенилюкс елдері) және 3-і азаматтардың Тараптар аумағында болу тәртібін айқындайды (Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан)», делінген хабарламада.

Келісімдермен заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл саласында ақпарат алмасу тәртібі реттелді, көші-қон заңнамасын бұзушыларды басқа елдерге беру туралы мәселе шешілді. Сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстанда болу мерзімдері реттелді.

Ведомствоның мәліметінге, қазір көші-қон саласындағы тағы 9 келісім (Армения, Вьетнам, Грузия, ҚХР, Молдова, Ресей, Түркия, Украина, Франция) келісу мен қаралу үстінде.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия