jasqazaq.kz

Қорықшының үйінен еліктің еті табылды

05 мамыр 2020, 12:36

Алматы облысында браконьерлікпен айналысқан орманшы анықталды. “Уылдырық шашу” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Кеген аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қарқара ауылдық округіндегі “Шарқұдық” деп аталатын учаскедегі 30 жастағы орман шаруасының үй-жайыннан екі дана аңшылық атыс қаруын, сондай-ақ 14 дана оқ-дәрі және жабайы жануардың, шамамен еліктің етін тәркіледі.

Қарудың біреуінің тіркелмегені және ешқандай құжаттарының жоқ екені анықталды.

“Экологиялық құқық бұзушылықтар ең көп латенттік дәрежеге ие, олардың көбі көрінбейтін жағдайда жасалады, алайда біз оларды анықтау бойынша жұмыстарды белсенді жүргізуге және экологиялық, табиғатты қорғау іс-шараларын жиі өткізуге тырысамыз. Барлық азаматтарды заңды бұзбауға, браконьерлермен, табиғатқа залал келтірушілермен күресте құқық қорғау органдарына көмек көрсетуге шақырамыз”, – дейді Алматы облысы Кеген аудандық полиция бөлімінің басшысы Ерлік Уркинбаев.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы (заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тәркіленген жануардың еті биологиялық сараптамаға жіберілді. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

16 сәуірде басталған жалпыреспубликалық “Уылдырық шашу” жедел-алдын алу іс-шарасының барысында Алматы облысының құқық қорғау органдары табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 72 құқық бұзушыны анықтады. Оның ішінде 49 дерек – заңсыз балық аулау, 18-заңсыз аң аулау, 5 – заңсыз ағаш кесу және өсімдіктер жинау. Іс-шара барысында 300 келіден астам балық, екі жабайы жануарлар еті, бес резеңке қайық, 29 балық және аң аулау құралдары: үш бірлік атыс қаруы, желілер, моторлар, аккумуляторлар, фар іздегіштер, шаншу құралдары, ілмекті құралдар және өзге де құралдар тәркіленді.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия