jasqazaq.kz

Қорықшы Қызыл кітапқа пысқырмады. Атып салды

09 сәуiр 2020, 13:33

Алматы облысында Қызыл кітапқа енгізілген қарақұйрықты атқан қорықшы ұсталды. Арнайы операция барысында криминалдық Полиция Басқармасының қызметкерлері заңсыз аң аулаған, сондай-ақ қару мен оның оқ-дәрілерін заңсыз сақтаған “К” есімді ұлттық табиғи саябақтың мемлекеттік инспекторын ұстады. Сот санкциялаған тінту барысында полиция қызметкерлері азаматтан болжам бойынша Қызыл кітапқа енгізілген “Қарақұйрықтың” етін және тіркелмеген оқтары бар ойық атыс қаруының екі бірлігін тауып, тәркіледі.

“Ұсталған азамат өзінің жағдайына байланысты бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз етуге, аң аулау ережелерін бұзудың жолын кесуге тиіс болатын. Алайда, оның орнына ол Ұлттық саябақтың аумағындағы ерекше қорғалатын аймақта жануарларды өлтірген. Осы ақпаратты алғаннан кейін жедел уәкілдер қадағалау жүргізіп, оның барлық заңсыз әрекеттерін дәлелдеді”, – деп хабарлайды Алматы облысы ПД Тергеу басқармасының аға тергеушісі Ернар Қалтаев. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігінің 1,2,3-тармақтарымен, 287-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынып, сот-биологиялық сараптама тағайындалды.

Polisia.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде