jasqazaq.kz

Қорғастағы төбелестің мән-жайы анықталды (видео)

20 қыркүйек 2018, 14:16

Қорғаста соққыға жығылған қазақстандық шекарашыға қатысты істің мән-жайы анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

25 жастағы ефрейтор Нұржан Молдаш қызмет атқарып жүрген. Ол «Қорғас» ШЫХО-ның басқа бір қызметкерін жинақтаушы аймағынан залға өткізуден бас тартқан. Куәгерлердің айтуынша, оқиға шамамен 17.00-де болған. Сөйтсек, жинақтаушыда бір аудармашы шекарашының талабын орындаудан тас тартқан. Олардың арасында жанжал шығып, әскери қызметшіге соққы жасалған. Салдарынан ефрейтор құлап түсіп, тасжолға басын ұрып, есін жоғалтып алған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақыртылған. Шекарашыны ұрған жігіт ұсталып, Қорғас полиция бөліміне тапсырылған. Ол уақытша ұстау изоляторында.

Шекарашы Молдаш Нұржан Жеркенттегі аудандық ауруханаға жеткізілген. Зардап шегушіге «Мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, оң жақ бетінің көгеруі, жағының жабық сынуы» диагнозы қойылған.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді