jasqazaq.kz

Қорғаста жүздеген көлік кептеліп қалды

20 қараша 2017, 21:51

Қазақ-қытай шекарасында кептеліс. Қорғаста төрт күннен бері 200-ден астам көлік Қытайға қарай өте алмай тұр. Кедендегі иін тірескен кезектің неден туғанын ашулы жүргізушілерге ешкім де түсіндірмеген. Ебін тапқандар, осылайша ақша беріп, қарсы бетпен өтіп кетеді екен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ал оған келіспегендер, болмаса тамыр-танысы жоқтар тәуліктеп тұруға мәжбүр. Жүргізушілер тамақтарын да көлік ішінде ішіп, сонда түнеп жүр. Ұзындығы 4 шақырымға жетіп жығылатын кептелістің қашан тарайтыны әзірге белгісіз. Кеденшілер де жұмған ауыздарын ашпай отыр.

Игорь, көлік жүргізушісі:

-100 доллар бергендер демде өтіп кетеді. Шекара қызметіндегілердің осында өз делдалдары бар. Әйтпесе, қарсы бетпен ешкімді жүргізбеуі керек қой. Өз басым кезегімді күткеніме төрт тәуліктен асты.

Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті